Give Me Sport басылымы 21-ші ғасырдың ең үздік ойыншыларын клуб деңгейінде өткізілген ойындардағы голдардың арақатынасы бойынша атады.
726 матчта 630 гол соққан «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси (0,87) көш бастады. Екінші орында «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду (0,77), ол 812 ойында 626 гол соққан. Алғашқы үштікті «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски аяқтады (0,73), 472 ойында 345 гол соққан.
Толық тізім:
1. Лионель Месси (0,87);
2. Криштиану Роналду (0,77);
3. Роберт Левандовски (0,73);
4. Луис Суарес (0,67);
5. Неймар (0,65);
6. Килиан Мбаппе (0,65);
7. Харри Кейн (0,63);
8. Златан Ибрагимович (0,62);
9. Эдинсон Кавани (0,61);
10. Руд Ван Нистерлой (0,60);
11. Серхио Агуэро (0.59);
12. Радамель Фалькао (0.58);
13. Тьерри Анри (0.57);
14. Роналдо (0,56);
15. Паулета (0,56).
Біздің серіктес: FONBET