Месси «Жыл адамы» атағына үміткерлер қатарында

15.11.2011, 21:24
Месси «Жыл адамы» атағына үміткерлер қатарында
Америкалық «Time» журналының жыл сайынғы «Жыл адамы» атағыны үміткерлер қатарында Аргентина құрамасы мен испандық «Барселона» клубының шабуылшысы, әлемнің үздік ойыншысы Лионель Месси де бар. Атақты «Time» журналыны аталмыш марапатты сонау 1927 жылдан бастап ұйымдастырып келеді. «Жыл адамы» атағына саясаткерлер мен актерлар, қоғам қайраткерлері лайық болып келсе биыл сол үміткер 32 адамның қатарына спорт бөлімінен Месси да еніп отыр. «Месси – әлемде айналасына миллиондаған жанкүйер жинай алған адам. Ол өз дәуірінің үздік ойыншысы. Атақты жерлесі Диего Марадонна сияқты әлем чемпионатын ұтпаса да , өзі өнер көрсететін «Барселонамен» бағындырмаған белесі қалмады. Жақында өткен чемпиондар лигасындағы ойында «Барселона» үшін 200 – голын соққан ол футболдың әлемде № 1 спорт түріне айналуына өлшеусіз үлес қосқан азамат. Бүгінгі таңда американдық жасөспірімдердің басым көпшілігі Мессиді үлгі тұтады , бәрі де Мессидей болғысы келеді» - деп жазады журнал басшылары Мессидің неліктен таңдалғанын түсіндіріп. Алайда Мессиге бұл атақты жеңіп алу оңайға түспейтінге саяды. Оның негізгі қарсыластары қатарында жақында өмірден озған, «Apple» компаниясының негізін қалаған Стивен Джобс, Италияның бұрынғы премьері Сильвио Берлускони және АҚШ президенті Барак Обамалар бар. Дереккөз: today.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
«Қайрат» 1-лигаға түсті
Келесі жаңалық
Македониядан жеңілдік
Серіктес жаңалықтары
×