Месси: "Зидан "Реалға" қайтып оралғанда, алдыңғы Чемпиондар лигасындағы 3 жеңістің енді маңызы жоғын білді"

18.12.2019, 00:42
Месси: "Зидан "Реалға" қайтып оралғанда, алдыңғы Чемпиондар лигасындағы 3 жеңістің енді маңызы жоғын білді"

"Барселона" капитаны Лионель Месси Испанияның Marca спорттық газетіне берген сұхбатында "Реал" бас бапкері Зинедин Зидан төңірегіндегі сынға қатысты өз пікірін айтты.

-"Соңғы уақытта Зиданға қатысты айтылған сындар таң қаларлық. Дегенмен ТОП клуб маңайында жүрген жандар бұл қалыпты құбылыс екенін жақсы біледі. Адамдар бұрын не болғанын, қандай жетістіктерге жеткеніңді тез ұмытады. Олар сенен күн сайын нәтиже күтеді. Негізі Зидан қызметіне қайта оралған сәтте алдыңғы Чемпиондар лигасындағы 3 жеңістің енді еш мағынасы жоғын жақсы түсінді. Жанкүйерлер талабы дәл алғашқы жұмыс күніндегідей болып қала береді. Жалпы белді ұжымның бас бапкерлері мен футболшылары өздерінің әрқашан көпшілік назарында болатынын, ұдайы қысым жасалатынын байқайды",- дейді аргентиналық шабуылшы.

Естеріңізге сала кетейік, "Барселона" мен "Реал" арасындағы Эль-Классико 18 желтоқсанда Камп-Ноуда өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19 желтоқсан түнгі 1:00-де басталады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×