Мессиден гол жіберген әрбір қақпашыға бір шиша сыра табысталады

25.12.2020, 05:01
Тамаша маркетингтік жоспар екен.
Мессиден гол жіберген әрбір қақпашыға бір шиша сыра табысталады

Budweiser компаниясы каталондық “Барселона” шабуылшысы Лионель Мессиден гол жіберген әрбір қақпашыға бір шиша сырадан табыстамақ.

Барлығы 644 бөтелке өз иесін табады. Әр қақпашы Мессиден қанша гол өткізсе, сонша бөтелке сыраға ие болады. “Ювентус” қақпашысы Джанлуиджи Буффон Twitter парақшасында екі шиша сыраны алғанын хабарлады. Буффоннан өзге барлығы 160 қақпашыға сыра жеткізілмек.


Месси Испания чемпионатының 15-турында “Вальядолид” қақпасына “Барселона” сапындағы 644-ші голын соғып, Пеленің рекордын (643 гол) жаңартқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×