Мессидің басты хет-тригі

10.01.2019, 20:59
Мессидің басты хет-тригі
Футбол ойындарының әр кезеңінің атақты аяқдопшылары бар: Пеле, Марадона, Кройф, Зидан. Осы кезеңнің адамдарын екі бірдей жікке бөлетін- Лионель Месси мен Криштиану Роналду. Аргентиналық футболшы және «Барселона» командасының шабуылшысы Мессиді үлгі тұтар жан көп. XXI ғасырдың «ең үздік аяқдопшысы» деп санайтындар да аз емес. Аргентиналық шабуылшының өмірінде қыздарға қарағанда футболдың маңызды екені белгілі. Сол себептен болар, Мессидің жеке өміріндегі қатынастары көп байқалмаған. Антонелла Рокуццо мен Месси Аргентинаның Росарио қаласында өскендіктен болар, кішкентай кездерінен бері таныс болған. Болашақ жарының ағасымен үй алдында доп қуалаған Лео Антонелламен тек 2009- жылы танысқан. Сол уақыттан бері қол ұстасып келе жатқан жұп көптің назарында. Үздік шабуылшы тек жарына деген сезімін ертерек сезбегеніне өкінеді. 2012 жылы Месси сүйіктісінің аяғы ауыр екенін біледі. Өз қуанышын әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Аргентина құрамасы үшін гол салып білдіреді. Допты ішіне салып, қуанышты жаңалығымен бүкіл жанкүйерлерін екінші рет шаттыққа бөледі. Тұңғыш баласын Тьяго атаған Лео сол жақ аяғына ұлының есімін жаздырған. 2017 жылы ғана отау құрған Месси мен Антонелланың қазіргі таңда Тьяго, Матео, Чиро атты үш ұлы бар. Жанкүйерлері «Лео өміріндегі ең маңызды хет-трикты жасады» деп сүйікті аяқдопшысы үшін қуанады.

Ырысты ҚАДІРБЕК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×