Мессидің дублі мен нәтижелі пасының арқасында «Интер Майами» ірі жеңіске жетті

20.07.2025, 11:42

АҚШ-тың МЛС чемпионаты аясында өткен матчта «Нью-Йорк Ред Буллз» өз алаңында «Интер Майамиді» қабылдап, 1:5 есебімен ірі жеңіліске ұшырады.

Мессидің дублі мен нәтижелі пасының арқасында «Интер Майами» ірі жеңіске жетті

Қонақтар сапынан голдарды Жорди Альба, Теласко Сеговия (дубль) және Лионель Месси (дубль) соқты. Сонымен қатар, аргентиналық жұлдыз өз еншісіне бір нәтижелі пас та жазды.

Алаң иелерінің жалғыз голын Александер Хак соқты.

Бұл жеңіс «Интер Майами» үшін соңғы жеті матчтағы алтыншы жеңіс болды. Ал «Нью-Йорк Ред Буллз» соңғы үш ойында екінші рет жеңілді.

Келесі турда «Интер Майами» «Цинциннати» командасымен кездессе, «Нью-Йорк Ред Буллз» «Чикаго Файрға» қарсы ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×