Ұйымдастырушы тараптың бейқамдылығы Леоны көруге келген фанаттардың наразылығын тудырды.
Бүгінде Калькутта полициясы Мессимен Үндістан халқын кездестіру шарасын ұйымдастырған Садатру Даттуды қамауға алды. Аталған азаматтың жауапсыздығының кесірінен Salt Lake стадионында үлкен дүмпу орын алды.
Жалпы Мессидің Үндістандағы алғашқы күні өзіне арналған 21 метрлік мүсінді ашумен өтті. Одан кейін ол жергілікті стадионда жиылған қауымға шеберлік-класын өткізуі керек болған. Шоумен өтуі тиіс шарада Месси 20 минут қана төбе көрсетіп, алаңнан кетіп қалды.
Ал бұндай жайтты билетке ақша төлеп келген жанкүйерлер кешіре қоймады. Олар алаңды басып кіріп, жан-жағындағын қиратқан. Кейбіреулер 55 доллар ақысының өтемі ретінде стадиондағы кілемдерді ұрлап әкеткен. Қазірде батыс Бенгалия жерінің Губернаторлығы жанкүйерлер басқыншылығынан туған шығынды есептеп жатыр.
Айтпақшы, ұйымдастырушы Садатру Датту Калькуттадан Хайдарабадқа жол жүріп бара жатқан жерінен ұсталды.