Мессидің жарақаты ауыр емес

12.04.2019, 18:16
Мессидің жарақаты ауыр емес
Чемпиондар лигасының 1/4 кезеңінде "Манчестер Юнайтедке" қонаққа барған "Барселона" 0-1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Естеріңізде болса ойынның алғашқы бөлігінде "МЮ" қорғаушысы Крис Смолинг "блауграна" капитанына қарсы дөрекі ойнап, ойын ережесін бұзған-ды. Нәтижесінде алаңда Лионель Мессидің мұрнынан қан кетіп, сол жақ көздің қабағы жырылған болатын. Алайда, алған жарақатына қарамастан шабуылшы ойынды соңына дейін жалғастырды. Матчтан кейін Мессидің жарақатын қарап шыққан дәрігерлер оның мұрны шыққан болуы мүмкін деп қауіптенген. Себебі, Лионель ойынның қалған бөлігінде мұрын тіндерінің қабынуына байланысты тек аузымен демалыпты. Бірақ бүгін "Барселонада" толық медициналық тексерістен өткен аргентиналық шабуылшының ауыр жарақаттан аман екені анықталыпты. Енді ол Примераның 32 турында "Уэскамен" болатын ойынға қатыса алады.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×