Месут Өзіл 219 баланың отасын төлеп берді

25.12.2019, 22:50
Месут Өзіл 219 баланың отасын төлеп берді

«Арсенал» жартылай қорғаушысы Месут Өзіл әлем бойынша 219 баланың операция ақысын төлеп берді. Бұл шешімді футболшы шаңырақ көтергеннен кейін жұбайы Амина Гюльше екеуі ақылдаса отырып қабылдапты.
-«Осы уақытқа дейін 219 ота жасалды. Дегенмен әлі алда атқарылатын іс көп. Жұбайым екеуміз 2019 жылы маусымда тойдан түскен барлық қаржыны жер шарының түкпір-түкпіріндегі операцияға зәру 1000 балаға жұмсайтынымызды айтқанбыз. Біздің тойымызға келген барлық қонаққа, жанкүйерге, осы игі іске қол ұшын созған жандарға алғысымыз шексіз. Сонымен қатар, осы жобаға атсалысқан халықаралық медициналық топқа рақмет айтамын. Бұл тек бастамасы. Келер 2020 жылы тағыда жүздеген балаға көмектесеміз»,-деп жазды футболшы Instagram парақшасында.

https://www.instagram.com/p/B6dPTdUC6dH/?igshid=2pxs519mbdhd

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×