"Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озил өзінің Twitter парақшасында жанкүйерлерге үндеу жасады. "Арсенал" Озилді Англия Премьер-лигасының осы маусымына арналған тізіміне қоспаған болатын.
"Бұл үндеуді соңғы бірнеше жыл бойы ойнаған "Арсенал" клубының жанкүйерлеріне жазу мен үшін қиынға соқты. Премьер-лига маусымына шақырылмағаным үшін қатты ренжідім. 2018 жылы жаңа келісімшартқа қол қоя отырып, мен өзімнің сүйікті клубым "Арсеналға" адал екенімді білдірген болатынмын. "Арсенал" бұған лайықты жауап бере алмады. Осы уақыт ішінде мен үндемедім, өйткені оптимистік көзқараста болдым және құрамға қайта оралуға мүмкіндік аламын деп сендім.
Өткен маусымда үзіліске дейін мен жаңа жаттықтырушы Микель Артетаның басшылығымен ойнағаныма риза болдым. Біз өте жақсы араластық, мен өзімді жақсы деңгейде ойнадым деп ойлаймын. Бірақ содан кейін бәрі өзгеріп, маған енді "Арсеналда" ойнауға тыйым салынды.
Тағы не айта аламын? Мен осы клубта өзімді жайлы сезінемін, командада әлі де көптеген достарым бар және жанкүйерлерге қатты бауыр басып қалдым. Қандай жағдай болмасын, мен өз мүмкіндігім үшін күресті жалғастырамын және "Арсеналдағы" сегізінші маусымымның осылайша аяқталуына жол бермеймін. Мен клубтың шешімі менің көңіл-күйіме ешқандай әсер етпейді деп уәде беремін. Жаттығуда барымды саламын және әрқашан әділеттілік үшін сөйлеймін", - деп жазды Озил.
Біздің серіктес: FONBET