Месут Озил жазға дейін «Арсеналда» қалғысы келеді

02.01.2021, 03:27
Озил - «Арсеналда» ең көп жалақы алатын футболшы
Месут Озил жазға дейін «Арсеналда» қалғысы келеді

"Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озилде мансабын Түркияда жалғастыру мүмкіндігі бар.

Бұл елде Германия ұлттық құрамасының 32 жастағы экс-футболшысының сүйікті клубы - "Фенербахче" өнер көрсетеді. Алайда Озил клубтағы қазіргі жағдайына қарамастан, келісімшарттың соңына дейін - 2021 жылдың маусым айына дейін командада қалуды жоспарлап отыр.

Месут Озил соңғы рет алаңға өткен жылдың наурыз айында шыққан болатын. Микель Артета футболшыны алдымен Англия Премьер-лигасына арналған құрамға, ал содан кейін Еуропа лигасына қатысатын ойыншылардың тізіміне қоспады. Енді Озил ақпан айына дейін ойнай алмайды. Ал Артетаға ақпан айының басында Озилді құрамға қосатын мүмкіндік беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×