Михал Билек: «Біз жақсы қорғанамыз, бірақ бұл шабуыл жасамаймыз дегенді білдірмейді»

15.11.2020, 16:36
Ойын бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 22:50-де басталады.
Михал Билек: «Біз жақсы қорғанамыз, бірақ бұл шабуыл жасамаймыз дегенді білдірмейді»

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек алдағы Ұлттар лигасында Албанияға қарсы матч туралы пікір білдірді:

- Біздің командада аздаған қиындықтар бар, өйткені сегіз ойыншы бұл жерге келген жоқ - олар Қазақстанда қалды. Олардың кейбіреулері жарақат алды, кейбіреуі коронавирус жұқтырған. Бәрібір, қазір осы жерде отырған барлық ойыншылар ойнауға дайын. Біз жеңілгіміз келмейді.

Албанияның өте жақсы команда екенін білеміз. Олар өздерінің қабілеттерін Қазақстандағы алғашқы матчта көрсетті, бірақ біз күресеміз. Қарсыластарға бос кеңістік қалдырмауға тырысып, қорғаныста жақсы ойнаймыз, өйткені олардың жылдам ойыншылары туралы білеміз. Бұл біз шабуылдамаймыз дегенді білдірмейді. Біз жақсы нәтижеге қол жеткізгіміз келеді және ол үшін гол соғуымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×