Михал Билек: «Екінші таймда гол соққанда мүмкіндігіміз болар еді»

16.11.2020, 15:16
18 қарашада Алматыда Қазақстан құрамасы Литва құрамасын қабылдайды.
Михал Билек: «Екінші таймда гол соққанда мүмкіндігіміз болар еді»

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасының бесінші турындағы Албанияға (1:3) қарсы матч туралы пікір білдірді:

- Біз 1:3 есебімен жеңіліп, үш голды да стандарттан жіберіп алдық. Екінші таймда Сүйімбаев пен Вороговскийдің мүмкіндігі болды. Егер біз гол соққан болсақ, 2:3 есебінде мүмкіндігіміз болар еді. Албания сапалы футбол көрсетті. Олар жақсы ойнады, комбинация жасады, жылдамдықпен ойнады. Олардың жақсы шабуылшылары бар, допты жақсы ұстады. Бұл өте қиын матч болды. Өкінішке қарай, жақсы нәтижеге қол жеткізе алмадық. Енді бізді үш күн бойы қалыпқа келу жұмыстары күтіп тұр, содан кейін Литвамен ойнаймыз - бұл біз үшін өте маңызды матч болады. Біз жеңуіміз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×