Михал Билек: «Исламханды клубы жібермей қойды»

11.11.2020, 15:04
Билек бүгін көздеген нәтижеге қол жеткізетініне сенімді болып отыр.
Михал Билек: «Исламханды клубы жібермей қойды»

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек кадрлар мәселесіне қарамастан, оның ойыншылары Черногорияға қарсы кездесуде жақсы ойын көрсетеді деп үміттенеді.

«Бізде көптеген мәселелер бар, мұнда сегіз ойыншы келе алмады, кейбіреулері жарақат алды, басқаларында коронавирус бар, ал Исламханды клубы жібермеді. Бұл матч Ұлттар лигасындағы қалған ойындарға дайындық. Сондықтан қазір бізде 19 ойыншы мен үш қақпашы бар. Черногорияға қарсы кімдер ойнайды - білмеймін, келесі жаттығудан кейін айтайын. Бірақ біз алаңға кім шығатынына қарамай, жақсы нәтиже көрсетіп, әдемі футбол ойнағымыз келеді», - деп келтірді ҚФФ Билектің сөзін.

Черногория мен Қазақстан арасындағы жолдастық кездесу бүгін, 11 қарашада Подгорицада өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Ойын Qazsport арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×