Микель Артетта командасы кеше “Славия” Праганы жеңіп, өзіндік рекорд орнатты

Сырт алаңда өткен Чемпиондар Лигасы кездесуінде “Арсенал” қарсылас қақпасына жауапсыз 3 гол соқты.

Микель Артетта командасы кеше “Славия” Праганы жеңіп, өзіндік рекорд орнатты

Сол арқылы лондондықтар 8 матч қатарынан құрғақ ойынын тіркеді. "Арсенал" қақпашысы Давид Райя 2 қазанда өткізген кездесуінен бері өз қақпасына гол жібермей келеді. 

Одан тағысы, канонирлер жолдастық кездесулерді қоспағанда, 10 матч қатарынан жеңіс нәтижесіне қол жеткізді. Бұндай көрсеткіш “Арсенал” тарихында бұрын-соңды орын алмағанын айта кетейік. 

Онымен қоса, Алекс Доуман Чемпиондар Лигасында дебют жасаған ең жас футболшы атанды (15 жас, 308 күн). Бұған дейінгі рекорд Боруссияда ойнаған Юссуф Мукокоға тиесілі болған (16 жас, 18 күн).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Арсенал
Aladop Youtube
×