«Астана» клубының директорлар кеңесінің мүшесі Михаил Гурман кеше Конференциялар Лигасынының негізгі кезеңіндегі екінші турдағы «Нью-Сейнтс» - «Астана» арасында болған бәсекеге тоқталды.
«Егер маусымның басында төрешілердің әділетсіздігінің салдарынан жеті ұпайдан қағылмасақ, қазір жағдай мүлде басқаша болар еді. Команда екі майданға жарылмай, бар күшін Конференциялар Лигасынына салатын еді ғой. Сондықтан бүгінгі жағдайларға тәуелдіміз. Бабаянның ойыншылар робот емес дегені әбден дұрыс, басты мақсат үшін құрбандыққа баруға тура келеді. Конференциялар Лигасынының әлі төрт туры бар, ал премьер-лигада қателесетін хақымыз жоқ. Команданың құрамына келер болсақ, бапкердің таңдауын дұрыс деуге болады. Себебі, дәл қазір ҚПЛ-ге ден қоятын уақыт. Сенбіде премьер-лиганың жүлдесіне талас-тартыстағы ең маңызды «Ақтөбеге» қарсы кездесу күтіп тұр. Ал ішкі чемпионаттағы мәселелерімізді реттеген соң Конференциялар Лигасынының негізгі кезеңінде әлі де біраз шулата аларымызға сенімдімін», - деді М. Гурман.
Айта кетейік, Конференциялар Лигасынының екі турынан кейін «Астананың» қоржынында 3 ұпай. Елордалықтар бірінші турда сербиялық «ТСЦ» командасын ұтқан (1:0).
Біздің серіктес: FONBET