Михал Пробеж ел құрамасының жаңа бас бапкері атануы ғажап емес

Қазақстан Футбол Федерациясы қазіргі уақытта поляк маманымен келіссөздер жүргізіп жатыр екен.

Михал Пробеж ел құрамасының жаңа бас бапкері атануы ғажап емес

Әзірге Польша командасының экс-бапкерімен Федерация өкілдерінің кездесуі қандай сарынмен өтіп жатқаны белгісіз. Алайда кей таблоидтар жақын аралықта Михал Пробеж жайында нақты ақпараттың шығатыны жайында ескертуде.

Алайда Пробежге таласта Қазақстан Қытай құрамасы да кедергі келтіруі мүмкін. Дон Фабио Өзбекстанмен келісімге келгелі алып мемлекеттің Футбол басшылары Михалға ұсыныс жасайтынын алға тартыпты. Пробеж тіпті аталған елдің ресми өкілдерімен байланысқа шыққанда екен.

Айта кетейік, 2025 жылдың жаз айында поляк бапкері мен атақты шабуылшы Роберт Левандовский арасында үлкен дау болыпты. Ел құрамасының жазғы кездесулерінде Пробеж Роберт демалсын деп оны команда тізіміне қоспай қояды. Сөйтіп Михал Левандовский жоқта құрама капитаны ретінде Петр Зелинскиді тағайындайды. Осыған өкпесі қара қазан болған Барса ойыншысы Польша басшыларына хабарласып, Пробежді әбден жамандаған. Одан кейін, шабуылшы бапкердің жеке өзіңе де хабарласып, қате шешім қабылдағанын алға тартқан. 

Левандовский қоңырауынан кейін Михал сөзге келместен, Польша құрамасы бапкері қызметінен кетті. Сөйтіп маман 2025 жылдың жаз айынан бері жұмыссыз келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×