«Милан» «Брюгге» шабуылшысы Шарль де Кетелареге қызығушылық танытып отыр. Италиялық клуб 21 жастағы футболшы үшін 25 миллион еуро, сондай-ақ академиясынан шыққан үш ойыншыны - Эмиль Робак, Андрей Кубич және Андреас Юнгдалды ұсынды. Бұл туралы журналист Николо Скира хабарлады.
Дереккөздің айтуынша, Италия чемпионы бельгиялық шабуылшыға маусымдық жалақысы 2,7 миллион еуроны құрайтын бес жылдық келісім-шарт ұсынуға дайын.
Де Кетеларе - «Брюггенің» түлегі. 2021/2022 жылғы маусымда Шарль 49 матчта 18 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісім-шарты 2024 жылы аяқталады. 2020 жылдың қарашасынан бастап Де Кетеларе Бельгия құрамасына шақыртылуда (8 ойын, 1 гол).
Біздің серіктес: FONBET