«Милан» деп соққан жүрегі

06.08.2011, 22:08
«Милан» деп соққан жүрегі
Паоло Чезаре Мальдини - аты аңызға айналған итальян футболшысы. Италия құрамасы мен «Милан» футбол клубының көп жылдан бергі капитаны болған ойыншы. Футболшы әрі жаттықтырушы Чезаре Мальдинидің ұлы.

Өмір жолы

Жастайынан әкесі секілді «Милан» футболшысы болуды армандаған Паоло Мальдини 1968 жылы 26 маусымда Миланда дүниеге келген. Паолоның әкесі Чезаре Мальдини де ұзақ жылдар бойы «россонери» капитаны болып, клубпен бірге 1963 жылы Чемпиондар Кубогын ұтып алған еді.

Тумысынан капитан

Паолоның ломбардиялықтардың негізгі құрамындағы дебюты 1985 жылы 20 қаңтар күні «Удинезеге» қарсы ойында орын алды. Бапкер Нильс Лидхольм талантты 16 жасар бозбалаға осындай сенім білдіргені Мальдинидің болашақ жұлдызға айналарына үлкен ықпал етті. Келесі маусымнан бастап, ол негізгі құрамнан берік орын алады да, міне бүгінге дейін «Миланның» 25 жылдық символына айналады. Оның қара-қызыл жейдедегі өткізген кездесулерінің саны рекордтық 648 матчты құрайды. Оның тікелей қатысуымен «Милан» 7 мәрте Италия Чемпионы, Кубогы, 5 мәрте Суперкубогы, 5 мәрте (!!!) Чемпиондар Кубогы/Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, 5 мәрте Еуропа Суперкубогы, 2 мәрте Құрлық аралық Кубогы мен Клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы атақтарын, және тағы да басқа жүлделер мен лауазымдардың иесі атанды.

«Милан» деп соққан жүрегі

Мальдини бар ойыншылық ғұмырын «Миланға» арнады. Оның әлем футболы және Италияға сіңірген еңбегі орасан. Екі бірдей Италияның мемлекеттік марапатына ие қорғаушының ұтпаған жүлделері кемде-кем. Мальдинидің ойынмен қош айтысуы таяған кезде футбол сүйер қауым оның 40 жасқа толып қалғандығын да байқамай қалыпты. Әлі де талай маусымдар бойы ең жоғары деңгейде өнер көрсете алатын Паоло кетемін деген шешім қабылдады. Ол футболдан өзінің соңғы 20 жылдай бойы ие - «жарық жұлдыз» мәртебесінде кетті.

«Скуадра адзурра»

Мальдини 19 жасқа толған шақта тұңғыш рет құрамадан шақырту алып, Паоло сонда 1988 жылы 31 наурызда Югославиямен кездесуде Италия үшін алғаш ойнайды. Сол сәттен 2002 жылғы Жапония мен Кореядағы әлем чемпионатындағы итальяндықтардың қарғысына ұшыраған кәрістермен 1/8 финалдық кездесуге дейінгі 14 жыл ішінде Мальдини «Скуадра адзурра» сапында 126 ойын ойнап, 7 доп соққан.

Бағынбай кеткен асулар

Клубтық жетістіктермен салыстырғанда, ұлы Паолоның Италия құрама командасындағы жеңістері сәл төмен болып көрінеді. Сонда да, әлем чемпионаттарының күміс пен қола және Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Паоло Мальдинидің Италияның бас командасында ойнаған шағы апенниндіктерді ерекше сезімге бөлегені анық. Тағы бір ұлы футболшы, Паолоның көп жылдар бойы әріптесі – Франко Барези сияқты Италияның маңдайына біткен қорғаушы Мальдинидің өміріндегі екі үлкен финал да драмаға айналды. Бірақ, ер жүрек Паоло 1994 жылы АҚШ-тағы секілді кез келген адамға ауыр тиетін жеңілістерден кейін сезімдеріне ерік бермейді. Ауладағы кезекті футбол ойындарында жеңілгеннен кейін көз жасын жасыра алмаған 8 жастағы Паоло бұл босаңсуы үшін анасынан қатаң сөгіс естиді. Содан бастап ол анасының қаһарына ұшырамауға тырысып келді.

Жеке өмірі

Мальдинидің отбасы жайлы айтқанда футболды айналып өту мүмкін емес. Атақты футболшының баласы – Паоло 1994 жылы Адриана Фоссаға үйленген. Мальдинидің екі ұлының бірі Кристиан қазірде «россонеридің» жастар командасында өнер көрсетеді. «Миланның» айналымынан шығарылған Паолоның «3»-нөмірлі жейдесі жақын келешекте ұлы фамилияны жалғастырушы Кристиан Мальдиниді күтіп тұр. wikipedia.org
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×