«Миланның» қорғаушысы Алессио Романьоли келесі маусымнан бастап «Лационың» намысын қорғамақ. Ол римдік клубпен нақты мәмілеге келді, деп хабарлайды Calciomercaro.
«Лацио» мен италиялық футболшы 2027 жылға дейін есептелген келісім-шартқа қол қояды. Қорғаушының жаңа командадағы жылдық жалақысы 3,2 миллион еуроны құрамақ.
Романьолидің «Миланмен» келісім-шарты 2022 жылдың жазында аяқталады. Сондықтан ол «Лациоға» еркін агент ретінде ауысады.
27 жастағы Романьоли осы маусымда «Милан» үшін 25 ойынға қатысып, бір гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET