«Милан» «Лилль» қорғаушысымен келіссөздер жүргізуде

20.03.2022, 23:30
Футболшы франциялық клубқа қысым көрсетуде.
«Милан» «Лилль» қорғаушысымен келіссөздер жүргізуде

«Милан» «Лилльдің» қорғаушысы Свен Ботманға қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Tuttosport.

Италиялық клуб 22 жастағы голландиялық футболшымен келіссөздердің жаңа кезеңін бастады.

Бұл ретте «Лилль» басшылығы Ботман үшін шамамен 40 миллион еуро сұрап отыр. Ал футболшының өзі франциялық клубқа қысым көрсетіп, трансфердің жүзеге асуын талап етуде.

Ботман алдағы жазғы трансферлік терезеде «Лилльден» кетеді деп күтілуде. Футболшыға «Ньюкасл» мен «Тоттенхэм» де қызығушылық танытып отыр.

Ботман осы маусымда Лига 1-де 21 ойынға қатысып, 3 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды. Қорғаушының франциялық клубпен келісім-шарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×