Милан Миланович: «Біз өз күшімізге сенеміз»

21.07.2022, 00:25
Алғашқы матч ертең Қостанайдағы Орталық стадионда өтеді.
Милан Миланович: «Біз өз күшімізге сенеміз»

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Линкольмен» болатын матч туралы пікір білдірді:

– Ертең Гибралтар чемпионы «Линкольнмен» ойнаймыз. Қарсылас команданың құрамында халықаралық деңгейде доп теуіп жүрген кәсіби, тәжірибелі ойыншылар бар. Олардың барлығы Гибралтар құрамасының намысын қорғап жүр. Бірақ біз өз күшімізге сенеміз. Конференция лигасының келесі кезеңіне өту үшін барымызды саламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×