Милан Миланович: «Нәтиженің өзі ойынның қалай болғанын көрсетіп тұр»

11.09.2022, 18:11
Қостанайлықтар келесі турда «Астанамен» кездеседі.
Милан Миланович: «Нәтиженің өзі ойынның қалай болғанын көрсетіп тұр»

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович Премьер-лиганың 19-туры аясында «Атырауға» (0:2) қарсы өткен ойынды қорытындылады:

– Нәтиженің өзі ойынның қалай болғанын көрсетіп тұр. 2:0 есебімен жеңіліп, нашар ойнадық. Алаң ортасында допты көп жоғалттық. Қарсыластарға қарсы шабуыл жасау үшін мүмкіндік жасап бердік, олар мұны жақсы пайдаланды. Бірінші таймда олардың бір минут ішінде екі мүмкіндігі болды, біреуі бағанаға тиді. Одан кейін біз 5 метр жерден гол соқпай, кезекті қарсы шабуылдан гол жіберіп алдық. Екінші тайм бойы біз бірдеңе жасауға тырыстық, бірақ қолымыздан ештеңе келмеді. Тек екі жақсы шабуылмен шектелдік. Тағы да қайталаймын: алаңның ортасында бос кеңістік көп болды. Олар тағы да қарсы шабуылға шығып, екінші голды соқты. Енді талдау жасап, келесі матчта жеңіске жетуге тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×