59 жастағы сербиялық маман Милан Миланович «Тобылдың» бас бапкері болып бекітілді. Келісім-шарт осы жылдың соңына дейін есептелген.
Милан Миланович 1963 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Белградтың «Чукарички», Германияның «Аугсбург» клубтарында доп тепкен.
Миланович бапкерлік мансабын 90-шы жылдардың ортасында бастады, Фарер аралдарының «ВБ Вагур» және «Тверойри» командаларын жаттықтырды. 2009 жылы Босния және Герцеговинаның «Лакташи» клубын тізгіндеді, 2011 жылы «Шерифте» бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді, 2012 жылдың 29 мамырында команданың бас бапкері болып тағайындалды. 2012 жылдың қыркүйегінде «Хайдук» (Сербия) клубымен келісім-шартқа қол қойды. Содан кейін «Нови-Пазар», «ОФК», «Раднички» және «Рада» сияқты серб командаларында жұмыс істеді. 2019 жылы «Ертіс» ұжымына бас бапкер болып келді. Ал өткен жылы Арменияның «Алашкерт» командасында үш ай жұмыс істеді.
Айта кетейік, Милан Кулич есімді сербиялық маман «Тобыл» бапкерінің көмекшісі болып тағайындалды.
Біздің серіктес: FONBET