«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович Қазақстан кубогі топтық кезеңінің екінші турында «Ақтөбемен» болған ойынға (2:1) қатысты пікір білдірді:
- Бірінші таймда өте жақсы ойнадық. Бірақ қарсыласқа бір «сыйлық» жасадық. Жалпы жақсы ойнадық, допты тез арада алдыңғы шепке жеткізіп, шабуылдадық. Мен жас ойыншыларға риза болдым, олардың ойынды қалай бастағаны және алаңда барын салғаны ұнады. Екінші таймда қарсыластар доппен басымдыққа ие болды, бірақ біз қорғаныста жақсы ойнадық. Бізде гол соғатын тағы бір-екі мүмкіндік болды. Жас ойыншылардың бүгінгі ойынына ризамын. Олар өздерін жақсы көрсетті. Және жеңіске қуаныштымын!
Біздің серіктес: FONBET