Милан Миланович: «Жеңіске жету үшін барымызды саламыз»

06.07.2022, 04:57
Миланович ертең жаңа ойыншыларға көп мүмкіндік бермейтінін айтты.
Милан Миланович: «Жеңіске жету үшін барымызды саламыз»

«Тобылдың» бас бапкері Милан Миланович «Ференцварошқа» қарсы ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілердің сұрақтарына жауап берді:

– Ертеңгі ойында Чемпиондар Лигасына босқа жолдама алмағанымызды дәлелдегіміз келеді, сапалы футбол көрсетеміз деп ойлаймын.

Екі команданың бюджеті туралы

– Мен бұл туралы сөз еткім келмейді. Тек қана алдағы ойын ғана қызықтырады. Алға қойған басты міндет – жақсы ойын көрсету. Біздің қарсыластарға қарағанда бюджетіміз аз болғанымен сапалы футбол көрсете алатынымызға сенімдімін. Жеңіске жету үшін барымызды саламыз.

Жаңа ойыншылар туралы

– Ертеңгі ойында оларға көп уақыт берілмейді. Олардың мұнда келгеніне бір-екі күн ғана болды. Жалпы топта бір-екі жаттығу жасап үлгерді. Серж Дебле де, Мильян Вукадинович те тәжірибелі ойыншылар. Жігіттер біздің команданы күшейте алады деп ойлаймын. Олар алға қойған мақсатымызды орындауға жәрдем бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×