“Миланда” өнер көрсеткен футболшы Қазақстан чемпионатына ауысады

12.08.2024, 10:56

Kazakh_football_inside телеграм-арнасы 33 жастағы Александр Меркельдің “Ақтөбе” сапына ауысатыны жайында ақпарат таратты.

“Миланда” өнер көрсеткен футболшы Қазақстан чемпионатына ауысады

Александр оңтүстік астанамыз Алматыда дүние есігін ашқанымен, футболшы ретінде Германияда қалыптасты. Меркель “Штутграттың” жастарында жақсы өнер көрсетудің арқасында 2010-11 жылдары аты мәшһүрге мәлім “Миланда” доп тебуге мүмкіндік алды. Футболшының мансабында швейцариялық “Грассхоппер”, англиялық “Уотфорд”, нидерландтық “Хераклес”, түркиялық “Газиантеп” және саудиялық “Хатта” ұжымы болды.

2015 жылы жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасында ойнауға келісімін берді. Сөйтіп сол жылдың 6 қыркүйегінде құрама жейдесінде Исландияға қарсы кездесуде дебют жасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×