Миландағы триллер

25.06.2020, 08:49
Миландағы «Джузеппе Меаца» атындағы стадионда өте тартысты ойын өтті.
Миландағы триллер

"Интер" бас бапкері Антонио Конте бұл матчқа жартылай екінші құрамын шығарды. Лаутаро Мартинес негізгі құрамда болмады. Ортада Борха Валеро жүрді. Осының салдарынан шығар, "Сассуоло" еш саспай ойнады.

Капуто есеп ашқан соң "Интер" әбден қиналды. Гол сала алмай әбден қиналды. Бірақ, тайм аяқталар тұста психологиялық соққы жасады. "Интер" екі гол салып, таразы басын өзіне аударды. Екінші таймда Берарди есепті қайта теңеді. Сосын Борха Валеро дер кезінде келе қалып "Интерді" алға шығарды. Бірақ, "Сассуоло" оңай берілмеді. Конте өзі жасаған қателігін мойындап, енді мұндайды қайталамайтындай болды. Бірден мықты ойыншыларын шығаруы тиіс еді.

ИНТЕР - САССУОЛО - 3:3 (2:1).

Голдар: Капуто, 4 (0:1). Лукаку, 41 - с пенальти (1:1). Бираги, 45+1 (2:1). Берарди, 81 - с пенальти (2:2). Борха Валеро, 86 (3:2). Маньяни, 89 (3:3).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×