Жақында ғана «Миланның» бас бапкері қызметінен кеткен Массимилиано Аллегридің орнына Кларенс Зеедорф келді. Ол осыған дейін миландық клубта жартылай қорғаушы болып 10 жыл тер де төккен болатын.
Голландиялық футболшы бүгін өзінің жасыл алаңдағы спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. Және өз рұқсатын берген бразилиялық
«Ботафого» командасына алғысын білдірді. Команда ойыншыларымен жеке-жеке қоштасып, көзіне жас та алды.
Кларенс Зеедорф пен «Милан» командасы 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойды. Қазіргі таңда команда ішкі біріншілігінде 11-ші орында келеді.
-
Милан? Біз қайта қауыштық. Маған соңғы жинаған тәжірибем өз жемісін береді деген үміттемін. Команда үздік көрсеткішке ұмтылатын болады, – деді 37 жастағы футболшы.
Сонымен қатар, Нидерланды ұлттық құрамасында ойнаған футболшының жетістіктері де жетерлік. Ол үш бірдей команданың сапында («Аякс», «Реал» және «Милан») Чемпиондар Лигасын жеңіп алған. 2002-2012 жылдары
«Миланда» ойнап жүргенде екі рет Италия чемпионатын, екі рет Чемпиондар Лигасын, Италия Суперкубогы мен Кубогын иеленді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: eurosport.ru
массагет.кз