Милич Чурчич дебюттік кездесуінде жеңіске жетті

19.04.2025, 19:20

Атырауда Қазақстан чемпионатының 5-туры аясында «Атырау» мен «Қызылжар» жолығып, қонақтар үш ұпай олжалады.

Милич Чурчич дебюттік кездесуінде жеңіске жетті
«Атырау» - «Қызыл-Жар» кездесуі

Петропавлдық команданы баптауға кіріскен Милич Чурчич дебюттік ойынында 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Матеус Барбосаның автоголына алаң иелері Сапановтың дәл соққысымен жауап қатты, алайда 97-минутта сербиялық жартылай қорғаушы Дарко Зорич айып добын тамаша орындап, «Қызылжарға» жеңісті сыйлады.

5-турдан кейін петропавлдық клуб 5 ұпаймен сегізінші сатыға көтерілді. Ал «Атырау» 3 ұпаймен 12-орында. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×