Милич Чурчич «Қызыл-Жарды» тізгіндейді

08.04.2025, 15:37

Сербиялық маман жақын күндері қызылжарлық команданың бас бапкері атанбақ.

Милич Чурчич «Қызыл-Жарды» тізгіндейді
Милич Чурчич

Бұл туралы Meta-ratings.kz мәлімдеді.

Сербиялық бапкер «Қызыл-Жарды» осы қыста-ақ тізгіндеуі мүмкін еді, алайда соңғы сәтте клуб басшылығының таңдауы Александр Бразевичке түскен болатын. Енді көп өтпей осындай шешімге келгеніне қарағанда, Беларусь маманының жұмысы көңілден шықпаған сияқты.

Айта кетейік, Милич Чурчич осыған дейін қостанайдың «Тобылымен» Қазақстан Кубогі мен Суперкубогін еншілеген. Бірақ, былтыр қыста аяқ- астынан өз қызметінен кетіп қалған еді. «Қызыл-Жар» ҚПЛ-2025-тің төрт турынан кейін 2 ұпаймен 11-орында келеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×