Милич Чурчич және оның Қазақстандағы жаттықтырушылық мансабы

11.04.2025, 20:00

Сербиялық футбол жаттықтырушысы Милич Чурчич 2023 жылдың қаңтарында “Тобол” футбол клубының тізгінін қолға алғаннан кейін Қазақстанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бұған дейін Беларусьтің “Шахтер Солигорск” клубымен чемпион атанған Чурчич өз біліктілігін Қазақстанда да дәлелдей білді.

Командадағы өзгерістер мен қиындықтарға қарамастан, ол 2023 жылы “Тоболды” Қазақстан Кубогында жеңіске жеткізді. Бұл жеңіс командаға УЕФА Конференциялар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама сыйлады. Сонымен қатар, 2024 жылы “Тобол” Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды — финалда олар “Ордабасымен” 1:1 тең ойнап, пенальти сериясында 5:4 есебімен басым түсті.

Милич Чурчич және оның Қазақстандағы жаттықтырушылық мансабы
Милич Чурчич

2023–24 маусымындағы УЕФА Конференция лигасында Милич Чурчичтің басшылығымен “Тобол”керемет өнер көрсетті. Олар іріктеу кезеңдерінде Финляндияның “Хонка”және Ирландияның “Дерри Сити” клубтарын жеңді.

Ал ең керемет сәт Швейцариялық атақты клуб “Базельді” жарыстан шығаруы болды. Алайда, команда топтық кезеңге бір қадам қалғанда Чехияның “Виктория Пльзень” клубына жол беріп, плей-офф кезеңінде жарыстан шығып қалды.

Милич Чурчич клубқа ішкі біріншілікте де, Еуропалық турнир де сенімді ойын үлгісін қалыптастырып, айтарлықтай табыс әкелді. Оның жетекшілігімен “Тобол” Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де өз беделін арттырды.

Жалпы Чурчич деген кім?

Милич Чурчич — Сербия футбол әлемінде аты белгілі болған, тәжірибелі және шебер жаттықтырушы. Ол халықаралық деңгейде кеңінен танымал болмаса да, Сербиядағы футбол жанкүйерлері мен кәсіби ортада жоғары бағаланады.

Милич Чурчич Сербияда футболмен ерте жастан бастап айналысқан. Көптеген жаттықтырушылар сияқты, ол да футбол алаңындағы тәжірибесін кейіннен жаттықтырушылық қызметке бағыттады. Оның кәсіби футболшы ретіндегі жолы туралы нақты ақпарат көп сақталмағанымен, ол жергілікті командаларда бапкерлік қызметін бастаған екен.

Чурчич уақыт өте келе түрлі Сербиялық клубтарда жұмыс істеп, командаларды дайындау мен ойыншыларды тәрбиелеуде мол тәжірибе жинақтады. Ол әртүрлі деңгейдегі командалармен жұмыс істеген, соның ішінде жастар құрамалары мен кәсіби клубтар бар. Оның басты мақсаты тек жеңіске жету емес, сонымен қатар жас ойыншыларды дамытып, сапалы команда қалыптастыру болған.

Чурчичтің басты ерекшелігі — оның тактикалық икемділігі. Сербия чемпионатында  тактикалар мен ойыншылар құрамы жиі өзгеріп отыратындықтан, әр ойынға бейімделу өте маңызды. Ол өз командаларын қорғаныста мығым, шабуылда өткір етіп құруға тырысты.

Ол жастарға мүмкіндік беруден тартынбайтын бапкер ретінде танымал. Жас ойыншыларға тәжірибе жинауға жағдай жасап, оларды кәсіби деңгейге шығару — оның басты мақсаттарының бірі.

Милич Чурчич – Сербия футболының дамуына өзіндік үлесін қосқан маман. Ол жұмыс істеген клубтарда футболшылардың шеберлігін арттырып, командаларға тұрақтылық әкелуге тырысқан. Оның жұмысы клубтың тек бір маусымда жетістікке жетуіне емес, ұзақмерзімді дамуына да бағытталған.

Халықаралық деңгейде аты жиі аталмаса да, Чурчич өз еліндегі мамандар мен ойыншылар арасында құрметке ие. Оның еңбекқорлығы, тактикалық түсінігі және тәртіпке мән беруі — оны ерекше көрсететін қасиеттер. Көптеген жас жаттықтырушылар оны үлгі ретінде көреді.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×