Миралем Пьянич кәсіби футболшы мансабына нүкте қойды

35 жастағы жартылай қорғаушы алдағы уақытта футбол агенті қызметін атқаратын болады.

Миралем Пьянич кәсіби футболшы мансабына нүкте қойды

2025 жылдың жаз айынан бері клубсыз жүрген босниялық соңғы рет ЦСКА сапында доп тепті. 

Жалпы ол өз мансабында 666 матч өткізіп, 77 гол мен 132 голдық пас берді. 

Тузла қаласының тумасы 2007 жылдан бері француздық “Мец”, “Олимпик” Лион, итальяндық “Ювентус”, испаниялық “Барселона”, түркиялық Бешикташ, арабиялық “Шарджа” және ресейлік ЦСКА сапында өнер көрсетті. 

2022 жылғы Әлем чемпионаты іріктеуінде Миралем Қазақстан қақпасына пенальтиден гол соғып, кейінірек Гойко Цимиротқа голдық пас берді. Сол арқылы жартылай қорғаушы Босния құрамасының аталған кездесудегі ең үздік ойыншысы атанды. Айтпақшы, 8 қыркүйекте болған матч 2:2 есебімен аяқталды. Командамызды сол кезде қазіргі бапкер Талғат Маруаұлы Байсуфинов баптаған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×