
Мирас Көбеев "Ислочь" жейдесінде
Беларусияның «Ислочь» клубында доп тебетін жартылай қорғаушы кеше алтыншы турда «Молодченоға» қарсы ойында ассист жасап, шеберлігін паш етті.
Қазақстандық футболшы ойынды қосалқы құрамда бастап, алаңға 66-минутта шыққан. Сөйтіп, ойынға қосылғандағы небары бір минуттың ішінде голдық пас шығарып, шеберлігін паш етті. Осылайша, Мирас Көбеев командасының ірі есеппен басым түсуіне өзінің үлесін қосты.
20-жастағы жартылай қорғаушы биыл «Ислочь» жейдесінде барлық алты кездесуге қатысты. Ал былтыр Беларусь біріншілігінде 15 матчта өнер көрсетіп, 1 рет мергендік танытқан болатын. Футболшының нарықтық бағасы 125 мың еуро.
Мирас Көбеев “Қайраттың” түлегі саналады.
Біздің серіктес: FONBET