
Беларусьтің «Ислочь» клубының спорттық директоры Александр Быченок Қазақстан жастар құрамасының футболшысы Мирас Көбеев туралы пікірімен бөлісті.
20-жастағы жартылай қорғаушы қазір Беларусь чемпионатында доп тебуде.
«Ақырындап шеберлігі шыңдалып келе жатқан жақсы футболшы. Мирастың «Қайрат» академиясынан өткені көрініп тұрады. Тәрбиелі, айналасымен жақсы қарым-қатынаста және жұмысына 100 пайыз беріледі. Бұдан ары да осылай жалғаса беруін тілейміз. Жастар құрамасының маңызды ойыншысына айналады деп үміттенеміз. Мирас дәл қазіргі талаптарды ескерсек, Беларусь жастар құрамасында ойнап кете алады.
Оған не жетіспейді? Мираста әлі жетілдіре түсетіндей бір айтарлықтай кемшілігі жоқ. Толықтай өз жұмысына берілген - бойында футбол мағынасындағы жақсы агрессиясы бар. Ақылды, допты тартып алуда керемет, дәл пасты да шығарып бере алады және физикалық тұрғыда күшті дайындығы бар», - деді Беларусь маманы Meta-ratings.kz-ке.
Айта кетейік, Мирас Көбеев былтыр қаңтарда «Ислочь» клубының жейдесін киген. Содан бері минскілік команда сапында 42 ойынға қатысып, 4 голдың авторы атанды. Сондай-ақ, Қазақстан U-21 қатарына да шақырту алып, бір кездесуде өнер көрсеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET