Мирослав Беранек: «Бесінші жылдамдықта ойнау керек»

21.03.2011, 03:02
Мирослав Беранек: «Бесінші жылдамдықта ойнау керек»

Алматы қаласында Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек пресс-конференция өткізді. Ол біздің команданың алдағы топ үздігі Германия командасымен матчына арналды. Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек: - Қайырлы күн, қадірлі достар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Біз сіздермен Беларуссиямен матч алдында танысқан болатынбыз. Сол матчтан соң да кейбіреулеріңізбен жүздесіп, әңгімелестік. Біздің пресс-қызметтен құрамаға қатысты барлық басылымдарды дайындап беруді сұраған болатынмын. Мен сіздер жұмыстанған материалдарды жақсылап зерттедім. Шынымды айтсам, біздің футболға баса назар аударатындарыңызға риза болдым. Теледидардан берілген сюжеттерді қарап, газеттерге басылған мақалалармен таныстым. Авторлардың кәсіби деңгейі мен команданы бағалау шеберлігі тағдандырды. Бірақ, ең бастысы басқады. Мен сіздердің тақырыпты терең танып, талдайтыныңызға қоса, өз еліңіздің нағыз патриоты екеніңізді, Қазақстан ойынының қорытындысын шынайы уайымдайтындарыңызды түсіндім. Сіздер – жанкүйерлер, мен – командамен бірге, бәріміз ортақ мүддеге жұмылғанда ғана мықты қарсыластарымызды жеңе аламыз. Бізді жақында Германия құрамасымен ауыр матч күтіп тұр. Неміс машинасының күші туралы мен айтпасам да, білесіздер. Германия командасының құрамында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар бар, оның үстіне, неміс командасы – футбол әлеміндегі тұрақты топтардың бірі, ФИФА рейтингінде 3-орында тұр. Дегенмен, футболдың аты футбол. Және командалардың өздерін көрсетуге әрқашан мүмкіндік болады. Лайықты ойын өрнегін көрсету үшін бар күшімізді саламыз. Мен әр күні біздің футболды, чемпионат матчтарын – кейбіреуін стадионнан, кейбірін жазбалардан көріп, танысу үшін Астанаға көшіп келдім. Мысалы, кеше «Қайрат» - «Қайсар» матчтын тамашаладым. Жақында Алматыда қар жауғанына қарамастан, стадион қызметкерлерінің алаңды жақсылап дайындағанын айта кету керек. Өзіме кейбір қорытындылар шығардым, ол шешімдер Германияға баратын ойыншылар тізімінің негізін құрады. Мен осы жолы шақырылмаса да, кейбір футболшылары белгілеп қойдым, оларды болашақта да бақылап отырмақпын. Айтарым, құраманың есігі барлығына ашық. Біз ертең ұшып кетеміз, матчқа дейін Германияда жаттығамыз. Солай үйренісуге, осы күнгі мүмкіндігімізді толығымен көрсетуге жеңілірек. Бізге жаттығуға барлық мүмкіндіктерді жасап, барынша қолдау көрсетіп отырған Қазақстан футбол Федерациясының жұмысын атап кету керек. Өкінішке орай, зақымданған футболистер де бар. Олар жайында біздің менеджеріміз Вячеслав айтып береді. Қазақстан құрамасының менеджері Вячкслав Бегунов: - Салеметсіздер ме, достар! Сіздерді келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Иә, өкінішке орай, әр түрлі дәрежедегі зақым алған адамдар тобы бар. Сондықтан, Самат Смақовты, Андрей Карповичті, Сергей Каримовты, Генрих Шмидтгальді, Александр Кировты және Андрей Финонченконы есепке қоса алмаймыз. Бүгін команда Талғар қаласындағы базада жиналады. Ертең Германияға ұшып кетеміз. Команда Бад-Верисховен қаласында 24-наурызға дейін жаттығады. Сосын біз Кайзерслаутен қаласына барып, 25-і күні кешке матчалды жаттығуын жасаймыз. Ойын 26-наурыз күні, жергілікті уақыт бойынша 20:00-де өтеді. Бұдан соң, журналистердің сұрақтары жалғасты: - Зақымына байланысты қатардан шығып қалған Смаков, Карповичтердің орнына кандидаттар бар ма? - Біздің құрамда 21 алаң ойыншылары мен 3 қақпашы бар. Ішкі саясатымыз бойынша, әрбір позицияда екі тең футболист таңдалады. Бірақ Смақов пен Карпович тек негізгі футболистер ғана емес, олар алаңда да, оның сыртында да команданың лидерлері. Сондықтан олардың орнына лидерлікке басқа біреуді қою мүмкін емес. Әрине, біз үшін бұл қиын жағдай. Бірақ, оларды алаңда алмастыратындар солардың мақсатында өнер көрсетеді. Құрамды анықтауға жетерліктей уақыт бар. Мен жаттығулар барысында үздіктеріміздің орнына кімді қоятынымызды түсінетін боламын. - Құраманың бұрынғы жетекшісі Бернд Шторк қазастандық футболистердің ең басты мәселесі – физикалық дайындықтың әлсіздігінен деп атап көрсетті. Сіз біздің ойыншылармен жұмысты бастап кеттіңіз, олардың мүмкіндіктерін танып, білдіңіз. Біздің мәселеміз соншалықты сұмдық нашар жағдайда ма? - Түркияда біздің футболистерді тестілеуден өткіздік. Әрқайсысына жалпы жағдайын жақсарту үшін жеке дайындық жоспарын таратты. Германияда тағы бір тест жасап, олардың «үй тапсырмасын» қалай орындағанын тексереміз. Сіздер чемпиондар Лигасы, Европа Лигасының барлық матчтары тамашалап, олардағы ойын темпін көріп жүрсіздер. Біз әлемнің ең үздік командаларының бірімен кездескелі отырмыз. Олармен солардың темпінде ойнау керек. Шартты түрде айтсақ, Қазақстан екінші жылдамдықта ойнайды, ал Германияда бесінші жылдамдықта ойнау керек. Мұны мойындау керек. Осы жағынан мәселелер бізде бар. Бірақ оларды шешу үшін жұмыстанатын боламыз. - Матчқа дайындыққа байланысты қандай жоспар бар? - Менде жоспар дайын. Бірақ мен барлық құпияларды аша алмаймын. Старттық құрамды да, тактикаларды да айтып бере алмаймын. Бұл ақпараттар тек командаға арналған. Тек айтарым, біз Германияның ойындарын, соның ішінде Әзербайжанмен кездесуін зерттеп білдім. Немістер допты жоғалтып алса, бірден бүкіл команда жинақталып оны қайтарып алуға жұмылады. Бұл үшін 5-6 секунд жеткілікті. - Сіз «Ақтөбенің» жас шабуылшысы Сергей Лисенконы құрамаға шақырдыңыз. Бұл шешім немен байланысты? - Біріншіден, Андрей Финонченко зақым алды, Сергей Хижниченко енді-енді тұрақты ойнай бастады. Сондықтан, Германияға құрамда тек Сергей Остапенкомен кетуге болмайды. Лисенков – жақсы шабуылшы, бастаушы турда екі гол соғып, маусымды әдемі бастады және ол «Ақтөбенің» - мықты команданың құрамында ойнайтыны өз күшіне сенімін арттырады. Сондықтан, біз оған өзімізбен бірге жаттығуға мүмкіндік бердік. Лисенков – болашағы бар жігіт, онымен жақынырақ таныса түсу керек. - Негізгі қақпашының позициясы анық па? - Біздің үш қақпашымыз тең дәрежеде – Лория, Сидельников, Мокин. Беларуссиямен матчта Сидельников пен Лория бір-бір таймнан тұрып, жақсы ойын көрсетті. Ең мықты қақпашылар да қателеседі. Бірақ, Германиямен матчта ондай ештеңе болмайды деп үміттенемін. Әзірге матчқа өтініш беретін екі фамилияны да атай алмаймын. Штабқа қақпашылар жөнінен бапкер Кристиан Борусакты шақырдық. Оған бастапқы турлардың жазбаларын көрсетемін, ол қақпашылардың ойынын талдап, әрқайсысының қателіктерін жөндеуге жұмыс істейді. Содан соң ғана қақпа алдына кімнің тұратынын анықтаймын. Соңғы сөзді мен айтамын. - Бапкерлік штабыңызды басқа да толықтырушылар бар ма? - Физиотерапевт Милош Барна және фитнес-тренер Дан Хайрет. - Финалдық сигналдан соң: «Мен ризамын!» - деп айта алуыңыз үшін біздің команда қандай ойын өрнегін көрсетуі керек? - Мен үшін ең бастысы, ойыншылардың өз мүмкіндігінен артып түсуі. Жеңіліп қалар болсақ та, біз өзімізбен мақтанатындай болуымыз керек. Барлық ойын алаңда қалуы тиіс. Бір ойыншыны еш жағдайы қалмағанда ғана алмастырамыз. Жалпы айтқанда, ойынға толықтай берілу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.008
Ничья
3.975
П2
3.615
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.915
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.84
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.79
П2
2.865
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.08
Ничья
14.8
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×