Мирослав Беранек: «Жеңістен соң сенімдірек жұмыс істей бастаймыз»

01.08.2011, 23:04
Мирослав Беранек: «Жеңістен соң сенімдірек жұмыс істей бастаймыз»
Қазақстан құрамасының бас бапкері Мирослав Беранектің пресс-конференциясы.

— Сириямен болатын матчқа дейін сіздермен кездесе алатынымызға өте қуаныштымын. Мен сіздерге, яғни қазақстандық журналистерге Еуро-2012 квалификациясында Әзербайжанды жеңгенімізден кейінгі мақалаларыңыздағы біздің командамызға деген объективті және жоғары патриоттық қарым-қатынастарыңыз үшін ризамын.

Телевизия, радио, жазба БАҚ өкілдері арқылы үнемі қасымызда екендеріңізді сезінеміз. Соңғы жеңісімізге қарамастан, біз қателіктер де жібердік, бірақ сіздер бізді сын садағына алғаннан гөрі қолдау көрсеткен дұрыс деп таптыңыздар. Ол үшін де рахметімді айтқым келеді. Қазақстандық журналистердің жұмыстарын талдай отырып, қызметтеріңіздің екі бас аспектісін белгілеп қойдым: Сіздер ойынды жақсы сезінесіздер, әрі материалдарыңыз ұлттық рухпен суғарылған. Бұл, әсіресе, ел Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында көңілге қонып-ақ тұр.

Сіздердің жағымды энергияларыңыз біздің футболшыларымызға беріліп жатыр, біз оны Әзербайжан құрамасымен ойынның өзінде байқадық.

Бүгінді пресс-конференция — бір жағынан жаңалық. Құрамға шақырылған футболшыларды осы бастан атап көрсетпекпіз. Біз үшін жанкүйерлеріміздің қызығушылығы өте маңызды.

Бізге қатысты шаралардың толық мәліметін жанкүйерлеріміз сіздер арқылы білгенін қалаймыз. Біздің ойымызша, осылай ыңғайлы. Бұрын біз команда құрамының тізімін дәл матч алдында ашатынымызды өздеріңіз де білесіздер. Ал қазір біз саналы түрде құрамнан бір апта бұрын сіздерге футболшыларымыздың тізімін ұсынамыз. Сіздерді клубтарға қоңырау шалып, ұсақ ақпарат іздеу науқанынан босатқымыз келеді.

Бүгіннің өзінде мен сіздердің команда құрамына қатысты барлық сұрақтарыңызға, мысалы, қай ойыншы және неге құрамға алынды немесе, керісінше, алынбағанына жауап бере аламын.

Біздің құрам 3 тамызда Талғардағы базамызда басталады. Ол бұрындыдан өзгешерек өтеді. Біз толық емес сапымызбен дайындықты бастап кетпекпіз. Себебі, 3-і күні «Ертіс» пен «Шахтер» кездесуі, ал 4-тамызда Европа Лигасы квалификациясында «Ақтөбе» мен «Алания» жауаптық матчы өтеді. Ақтөбеліктердің одан әрі сүрінбей өтетініне сенімдімін және шын көңілден жеңіс тілеймін.

Ұлттық құрамамен жұмысымыздың басында айтқанымдай, біз жоспарлы түрде жайлап алға жылып келеміз. Бірінші қадамды Германиямен матчтар соң аттадық — біз толыққа жуық команданы өзгерттік. Екінші қадам — бұл біздің Әзербайжанды жеңгеніміз. Ал бүгінгі күнгі жұмыстарымыз — бұл ойынымызды тұрақтандыру. Көбінесе, қорғаныстағы ойынға қатысты.

Әзербайжанды жеңгенімізге өзім қатты қуандым, өйткені ойыншылардың ойынындағы сенімділікті көрдім. Енді біз салмақты жұмыс жасауға уақытымыз бар. Мен, бас хатшы, бұрынғы мақты футболшылар, бүгінде үш вице-президентіміз, бапкерлеріміз, сұрыптау және талдау топтары — бәріміз бір топқа бас қостық. Жеңістен соң сенімдірек жұмыс істей бастаймыз. Футбол — бір адамның ғана еңбегі емес. Бұл біздің команданың негізгі заңдылықтарының бірі. Қазір команда сапында негізгі ойыншылардың кейбіреуі жоқ. Олар Сирия құрамасымен кездесуге дайындық кезінде бос уақыт алды. Бұлар қақпашылар — Сидельников пен Мокин. Біз оларды екі себеппен босаттық — олар осы уақытта үлкен жүк арқалады — бұл бір. Екіншіден, екі жаңа қақпашыны іс жүзінде байқап көргіміз келеді. Олардың қақпашы бапкерімен жұмысының нәтижесіне де баса назар аударамыз.

Сондай-ақ бұл құрамнан Қазақстан ойнамайтын екі ойыншыны да босаттық. Ол командасын алмастырған Шмидтгаль. Жаңа ұжымға үйренісу кезеңінде болғандықтан, уақытша мазаламайық деп шештік.

Дәл осы себеппен Қазбек Гетериев те қатынаспайды. Ол да командасын ауыстырып жатыр. Бірақ біз осы ойыншылар өз клубтарында Түркия және Әзербайжан құрамаларымызбен кездесуімізге жақсылап дайын болады деп сенеміз.

Алдағы қарсыласымыз — Сирия құрама командасы жөнінде деп біршама айтып өтейін. Командаларымыздың кездесу тарихын жақсы білетін боларсыздар — бұл қарсыласымызбен осыған дейін үш рет кезігіп, барлығында да кемшін түскен едік: 0–2, 0–1 және 0–4. Аталмыш кездесулерде бірде бір рет гол соққан жоқпыз. Бүгінгі жағдайда Сирия ФИФА рейтингіде бізден жоғары тұр. Сирия — оңай қарсылас емес және өте техникалық команда. Алдағы матчқа қойған негізгі мақсаттарымыздың ішінде Европа Чемпионатының қыркүйектегі ірітеу матчтарына жақсы нәтижемен жету де басты орында. Біз үшін команданың, әсіресе, қорғанысымыздың тұрақтылығы өте маңызды. Тағы бір ой — алдыңғы құрамда бізбен бірге болып, өздерін жақсы таныта білген жас футболшыларымызды ойнату.

Ең бастысы, әрине, ұту мақсаты көзделеді. Бұл жолдастық кездесу болса да, ұлттық құрамалардың халықаралық дәрежеде кездесуі. ФИФА рейтингіде алға жылжығымыз келеді.

Берілген тізімде резервтен 4 адам қатынасады. Айтып өткенімдей, біздің құрамның кезінде «Ертіс», «Шахтер» және «Ақтөбенің» қатысуымен екі маңызды матч өтеді. Ойыншылар зақым алып қалуы мүмкін, сондықтан резервтің футболшылары негізгі ойыншыларды алмастыруға дайын болуы керек.

3-тамызда Талғардағы базада жиналатынымызды еске саламыз. 5-і күні ашық жаттығу жасап, дәстүр бойынша, алматылық журналистермен жүздесеміз. 8-тамызда біздің ойыншыларымыз Астанада жас футболшыларға арнап шеберлік сыныбын өткізеді. 9-ы күні, сейсенбіде ашық жаттығу мен матчалды пресс-конференциясын жоспарлап отырмыз.

— Мирослав, біздің командамыз Сириямен бұрын да кездескен. Алдағы матчқа қандай акценттер қойғыңыз келеді? Қорғанысқа ма әлде шабуылға ма?

— Мен Сирия құрамасы қатысқан тек бір кездесуді ғана көрдім. Сирияның жоғары техникалық команда екенін, соңғы футбол үлгісімен ойнайтынын айта аламын. Осы кезде Сирия Тәжікстанмен екі матч өткізіп жатыр. Бірінші матчты біздің қарсыластарымыз жеңді, ал ертең жауаптық кездесу. Осы екі матч жазбаларын қайта көріп шыққым келеді. Акцентке келер болсақ, мен өз ойынымды алға тұтамын. Қорғаныс сызығындағы командалық ішкі әсерді күшейткім келеді. Жаттығуда көп жұмыс істейміз, бірақ нәтижені тек осында деңгейлі матчтардан ғана көре аламыз. Сириямен матчта Әзербайжанға қарсы шыққандағыдан жоғары дәрежелі футбол көрсеткіміз келеді. Белсенді, шапшаң, шабуыл тобындағы ойыншылардың басымдылығымен. — Нұрбол Жұмасқалиевтің құрамаға қайта оралуға мүмкіндігі бар ма? Әлде оның құрама сапындағы уақыты өтті деп ойлайсыз ба?

— Оның уақыты өткен жоқ. «Астана» құрамындағы матчтарын бақылап жүремін. Бірақ оның ойынын өзгерту керектігін сезінемін. Іріктеу шеңберінде 5 матч өткізіп, бір де гол соқпадық… Футболдың соңғы үлгісі өте жылдам. Осы позициядағы ойыншылар футболдың соңғы үлгісінің талаптарына жауап бере алса, үздік танылады.

— Біздің құраманың әлсіз жерлері қандай? Қай бағытта жұмыстану керек?

— Бұл өте қызық сұрақ (күледі). Мен ондай жерлерді білемін (күледі). Бірақ оның бұл пресс-конференцияда айтпаймын. Ойыншылардың мәселелері бар. Ол қателіктерді талдап, кейін қайталамауға тырысып бағамыз. Бізде соңғы үлгідегі бағдарлама бар, ол техникалық-тактиқалық істерді жасауға мүмкіндік береді. Футболшылар өздерінің кемшін тұстарын біледі және біз оларды жөндеудің нұсқаларын ұсынамыз. Иә, мәселелер бар, бірақ осы кездесудің барысында оны айтқым жоқ. Жігіттер жақсылап дайындалса, өздерін дамыта алатынына көздері жеткен. Бұл өте маңызды. — Өткен матчтарда Қазақстан құрамасының футболшылары толық 90 минутқа күштерін жеткізе алмай, соңғы минуттарда гол жіберіп алған кездері болды. Бұл мәселені шешу үшін қандай жұмыстар жасалуда? — Иә, дұрыс айтасыз. Осы бағытта Түркияда қыстық құрамда да жұмыс істедік. Өзімізге физикалық дайындық жағынан да бапкер алдық. Келесі жылдан бастап Қазақстан Чемпионатында фитнес-коуч әрбір клубта болады — бұл ҚФФ-ның міндетті талабы. Сондықтан, бұндай жұмыс тек құрама командада ғана өтпейді. Біздің физдайындық бапкеріміз топпен де, әрбір ойыншымен жеке де жұмыс істейді. Осы ауданда үлкен қадам жасап тастадық. Бірақ әлі істелетін шаруа да аз емес.

— Зақымына байланысты құраманың соңғы матчына қатынаспаған, бірақ бірнеше күн өткен соң өз клубының сапында кездесуге шыққан Сергей Каримов жөнінде не айтасыз?

— Сергей Әзербайжанмен кездесуге жарақатына байланысты барғысы келмеді. Маусым соңы еді, оның үстіне клубында мәселелері де болды — ол жақында жаңа командаға, «Дуйсбургке» өтті. Ол ойнай бастады. Оның ойындарын біздің бір бапкеріміз бақылап отыр. Егер оның физдайындығы біздің талаптарына сай деп шешсек, оны Түркиямен және Әзербайжанмен болатын матчтарға шақырамыз. Оның келетініне сенімдімін. Бұл кезеңде ол жаңа командада қызмет істей бастады, сондықтан оны мазалағым келмеді. Ол Шмидтгаль мен Гетериевке ұқсас жағдайда.

— ҚФФ басшылығы Европа Чемпионаты-2016 финалдық бөліміне өту міндетін қойған болатын. Бұл міндетті орындау мүмкін бе? — Менің келісімшартым Еуро-2012 квалификациясының соңына дейін жарамды. Жеңілістердің фонында перспектива тұрғызу қиын. Алдағы матч жолдастық кездесу болғанымен — арнайы матч. Бізге нәтиже мен өз күшімізге сенімділік керек. Қадамдап алға жылжысақ, жеңуімізге болады, оған өткен матч куә. — Сіз қазақстандық тамыры бар, біра Батыс Еуропада өнер көрсетіп жүрген футболшыларды жіті бақылап отырамын деп көп айтасыз. Бұл жағы қалай болып жатыр?

— Мен үшін олардың ұлттық команда үшін өнер көрсету ниеті болғаны өте маңызды. Бұл ең бастысы. Сосын, әрине, ол жақсы ойыншы болып, біздің талаптарымызға жауап бере алса, неге алмасқа? — Қазақстандық клубтардың Еуропадағы ойынын көрдіңіз бе, қалай бағалайсыз? — Иә, әрине, көрдім. Ел чемпионы «Тобылдан» бастайын. Менің ойымша, қостанайлықтар мүмкіндігін бірінші матчта, Братиславта жоғалтып алды. Осы матч естеріңізде болар. Оларда жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ қостанайлықтар оны пайдаланбады. Неге олай болғанын — білмедім... — Ол матчтағы қарсыластар тең дәрежелі болатын... — Иә, мен де солай ойлаймын... Бірақ олар мүмкіндіктерін пайланбадын — оларды қарсыластары пайдаланып кетті. Кейде ұтыс анық байқалмай да жатады. Бірақ бұл — футболдың соңғы үлгісі және сәл-сәл озып та, матчты жеңіп кетесің. «Шахтер» бірінші кезеңді өтті — жақсы матчтар көрсетті. Екінші шеңберде ирландық клубқа қарсы алдымен бір гол соғып, кейін гол жіберіп алды, сосын қайта гол салды. Бірақ мен жауаптық матчты көрмедім… Десе де, жауаптық матчта қарағандылықтардың мүмкіндіктері болғанын білемін. Қарсыластар тең дәрежелі, тек ирландықтардың тәжірибесі көбірек. «Ертістің» жағдайы қиындау. Мықты польшалық клубтан өтті — оның өзі үлкен жетістік. Екінші кезеңнің алғашқы матчы сәтті өтті, жауаптық матчты дұрыс көре алмадым. Бұл пайдаланылмаған өте оңтайлы мүмкіндік еді. Және ең соңғы «Ақтөбе». Оларда өте қиын қарсылас — «Кечкемет» болды, бірақ ақтөбеліктер — тәжірибелі европалық күрескерлер. Команда тең түсті 1:1, ал жауаптық матчта Ақтөбе тәжірибесімен ары қарай өтетіндей ойын танытты. Екі кезеңдік жекпе-жекке өте оңтайлы жоспар құрған. Осылай тәжірибелі командалар ойнайды. Ал қазір «Ақтөбе» «Аланияны» өтіп кетуіне сенемін. Шын көңілден ақтөбеліктерге жанкүйер боламын. (ffk.kz)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
"Тобыл" - "Ордабасы"
Келесі жаңалық
Ақтөбе - Ертіс 7:2
Aladop Youtube
×