Мирослав Лобанцев - “Жеңіс” ойыншысы атанды

Елордалық “Жеңіс” 29 жастағы қақпашы Мирослав Лобанцевпен келісімге келгенін хабарлады.

Мирослав Лобанцев - “Жеңіс” ойыншысы атанды

Мирослав - мәскеулік “Локомотив” түлегі. Ол ресейлік “Локомотив”, “Крылья Советов” және “Ротор” командаларында доп тепті. 2020 жылы Қазақстанға көшіп келіп “Қызылжардың” намысын қорғай бастайды. Петропавлдық ұжымда жүрген үш маусымнан кейін Лобанцев “Ақтөбе” қатарын толықтырады. Қақпашы соңғы рет семейлік “Елімай” сапында өнер көрсетті. Мирослав “Қызылжармен” бірге Конференция Лигасының 4 ойынында бақ сынады. 

29 жастағы футболшы Премьер-лигада жалпы алғанда 76 ойын өткізіп, 86 гол жіберді. 

Transfermarket Мирославты 300 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Жеңіс
Aladop Youtube
×