Мирзад Механович: «Біз ары қарай да жанкүйерлерімізді қуантуды жалғастырамыз деп үміттенемін»

28.06.2021, 18:31
«Ордабасы» турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді.
Мирзад Механович: «Біз ары қарай да жанкүйерлерімізді қуантуды жалғастырамыз деп үміттенемін»

Талдықорғандық "Жетісу" клубының қақпасына соғылған қос бірдей голдың авторы Мирзад Механович осы ойын жайлы пікірімен бөлісті:

- Нұр-Сұлтандағы ойыннан кейін бүгінгі матчта да жеңіске жету өте маңызды болды және өз алаңымызда үш ұпайды еншілеу міндетті болды. Чемпионаттағы үзіліске тек бір ойын қалды, сол үшін біз жеңісті серияны жалғастырғымыз келеді. Бізді керемет қолдайтын жанкүйерлерге үлкен алғысымды білдіргім келеді, тіпті ойын барысында бізде бірдеңе дұрыс болмай жатса да, олар бізді қолдайды. Сонымен қатар біздің жігіттерімізді де ерекше атап өткім келеді, олар жарады, әрқайсысы бүгінгі жеңіске өз үлесін қосты. Біз ары қарай да жанкүйерлерімізді қуантуды жалғастырамыз деп үміттенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×