Мюнхендік «Баварияда» мансабының үздік жылдарын өткізген Хави Мартинес қазір қайда?

29.07.2025, 14:04

Қатарлық «Әл-Бидда» футбол клубы өздерінің ресми сайтында 36 жастағы басктық тірек жартылай қорғаушы Хави Мартинеспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Ол бұған дейін Бильбаоның «Атлетик» клубында, Мюнхеннің «Бавариясында» және Испания құрамасында ойнаған.

Мюнхендік «Баварияда» мансабының үздік жылдарын өткізген Хави Мартинес қазір қайда?
Хави Мартинес

Хави Мартинес клубқа еркін агент ретінде қосылды. Келісімшарттың мерзімі жарияланған жоқ. Баск футболшының соңғы командасы — 2021 жылы «Бавариядан» ауысқан Қатардың Жұлдыздар Лигасындағы «Қатар» клубы болған.

 

Хави Мартинес — Испания құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы. Сонымен қатар, ол Германияның алпауыты «Бавариямен» бірге 23 трофейді жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×