"МЛ Витебск" Қазақстандық клубтардың ойыншыларына қызығушылық танытуын жоққа шығарды

Бүгін, 10:35

Беларустің "МЛ Витебск" клубының иесі Артем Леонов Қазақстандық клубтарда ойнайтын Макс Эбонг пен Валерий Громыкоға қызығушылық таныту туралы тараған қауесеттерге қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

"МЛ Витебск" Қазақстандық клубтардың ойыншыларына қызығушылық танытуын жоққа шығарды

Клуб иесінің айтуынша, қазіргі уақытта "МЛ Витебскке" "Астананың" жартылай қорғаушысы Макс Эбонг пен "Қайраттың" ойыншысы Валерий Громыконы қоса алғанда, бірнеше танымал ойыншыны қосу туралы тараған ақпараттар шындыққа жанаспайды.

Артем Леоновқа журналистер: "Эбонг, Громыко, Бегунов, Ковалев, Карпицкий сияқты ойыншылармен келіссөздер жүргізілді ме, әлде бұл журналистердің қиялы ма?" деген сұрақ қойған.

Леоновтың Жауабы:

"Бұл қауесеттерді кім тарататынын тіпті елестете алмаймын. Громыко? Эбонг? Біреудің қиялы, арманы ғана. Карпицкий? Толықтай жалған ақпарат. Бегунов пен Ковалев? Олар да солай. Маған сенулеріңізге болады, жоғарыда аталған футболшылардың ешқайсысымен "МЛ Витебск” келіссөз жүргізген жоқ."

Осылайша, клуб иесі бұл ақпараттардың бәрі жалған екенін және аталған ойыншылармен ешқандай келіссөздер жүргізілмегенін растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×