Модрич:"Мына түрімізбен алысқа бармаймыз"

26.03.2019, 05:33
Модрич:"Мына түрімізбен алысқа бармаймыз"
Хорватия ұлттық құрамасының капитаны Лука Модрич Еуро-2020-ның іріктеу турнирі аясында Мажарстанға қарсы өткен кездесуден кейінгі көңіл-күйімен бөлісті. Естеріңізге сала кетейік хорваттар сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберді. "Біз өз деңгейімізде ойнамағанымыздан жеңіліс таптық. Ойын тең дәрежеде өтті. Бірақ олардың жеңіске деген құштарлығы бізден басым болды. Егер біз осы қалпымызда кете беретін болсақ, Еуроның финалы түгілі, Еуроға да шықпай қалуымыз ғажап емес. Иә әлем чемпионатында біз жақсы жетістікке жеттік, бірақ оны ұмытып есімізді жиуымыз керек. Біз міндетті түрде бәрін талқылап, бір нәтиже шығарамыз"- деп түйіндеді Модрич.

Руслан Мералиев

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Болжам. Қазақстан - Ресей
Келесі жаңалық
Францияның 1500-ші голы
Aladop Youtube
×