Мохамед Салах Англияның жыл ойыншысы атанды

10.06.2022, 15:21
Мысырлық футболшы өз мансабында екінші рет үздік деп танылды.
Мохамед Салах Англияның жыл ойыншысы атанды

«Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах Англияның кәсіби футболшылар қауымдастығы (PFA) нұсқасы бойынша 2021/2022 жылғы маусымдағы Премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды.

«Жеке немесе ұжымдық трофей ұтып алу мен үшін үлкен мәртебе. Мұндай марапаттарды алғаныма өте қуаныштымын, әсіресе ойыншылардың маған дауыс бергенін ескерсек. Бұл сіздің шынымен де көп жұмыс істегеніңізді көрсетеді.

Менің бөлмемде трофейлер тұратын сөре бар және ол жерден әрдайым бос орын табылады. Жасыңыз ұлғайған сайын сіз өзіңізді тұрақты сезінесіз және футболдан не қалайтыныңызды нақты білесіз, сондықтан мен қазір жай ғана демалуып, командаға көмектесуге тырысамын. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын және мұны мақтан тұтамын», - деді Салах.

29 жастағы мысырлық шабуылшы Премьер-лиганың өткен маусымында 35 ойынға қатысып, 23 гол соқты, 14 нәтижелі пас берді. Салах үздік сұрмерген атағын «Тоттенхэм Хотспурдың» оңтүстіккореялық шабуылшысы Сон Хын Минмен бөлісті.

Айта кетейік, Мохамед өз мансабында бұл марапатқа екінші рет ие болды. Бұған дейін ол 2017/2018 жылғы маусымда үздік атанған еді.

Ал «Манчестер Ситидің» 22 жастағы жартылай қорғаушысы Филипп Фоден Ағылшын Премьер-лигасының өткен маусымдағы үздік жас ойыншысы атанды.

Англиялық жартылай қорғаушы 2021/2022 жылғы маусымда Премьер-лиганың 28 ойынында тоғыз гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×