Мохамед Салах ерекше жетістікке қол жеткізді

20.04.2022, 14:29
«Қызыл сойқандар» кеше «Энфилдтегі» ең ірі жеңілісіне ұшырады.
Мохамед Салах ерекше жетістікке қол жеткізді

«Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах Премьер-лига тарихына бір маусымда «Манчестер Юнайтед» қақпасына бес гол соққан алғашқы ойыншы ретінде енді, деп жазды OptaJoe статистикалық порталы.

Англия чемпионатының 30-шы турындағы ойында «Ливерпуль» «Манчестер Юнайтедті» 4:0 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Салах дубль жасады. Ал тоғызыншы турда өткен кездесуде египеттік шабуылшы хет-трик авторы атанған еді.

«Ливерпуль» бұл ойыннан кейін 76 ұпай жинап, Ағылшын Премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. «Манчестер Юнайтед» (54 ұпай) алтыншы орында қалды.

Англия чемпионатының ағымдағы маусымында Салах 30 матчқа қатысып, 22 гол соқты, 12 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×