Мохамед Салахтың агенті «Ливерпульден» үлкен жалақы талап етуде

24.10.2021, 00:38
Егер мерсисайдтық клуб бұл талапты орындаса, Салах АПЛ-де Роналдудан кейінгі жалақысы көп екінші футболшыға айналады.
Мохамед Салахтың агенті «Ливерпульден» үлкен жалақы талап етуде

"Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салахтың агенті Рами Аббас өз клиенті үшін апталық жалақысы 400 000 фунт стерлингті (472 000 еуро) құрайтын келісім-шарт талап етуде. Осыған байланысты мерсисайдтық клубпен келіссөздер қарқынды түрде жүріп жатыр.

The Times басылымының хабарлауынша, "Ливерпуль" басшылығы 29 жастағы мысырлық футболшыны клуб тарихындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншы етуге дайын. Бірақ Салахтың агенті футболшы үшін тым көп жалақы сұрауда.

Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Салах сегіз ойын өткізді, жеті гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. 29 жастағы шабуылшы "Ливерпуль" сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×