Мысырдың әйгілі футболшысы Мохамед Салах “Ливерпуль” клубының бас бапкері Арне Слоттың шешіміне наразы екенін аңғартты.
Чемпиондар лигасының “Айнтрахт Франкфуртқа” қарсы өткен ойынында Салах бастапқы құрамға енбей, тек 74-минутта Хьюго Экитикенің орнына алаңға шыққан болатын.
Кездесуден кейін Салах өз әлеуметтік желілеріндегі “Ливерпульге” қатысты кейбір жазбаларын өшіріп тастаған. Бұл көпшіліктің пікірінше — ойыншының клубтағы жағдайына көңілі толмайтынын көрсетеді.
Бұл әрекет жанкүйерлер арасында Салахын болашағы “Ливерпульде” бұлыңғыр деген алаңдаушылық тудырды. Футбол сарапшылары соңғы кездері оның ойыны баяулап, ынтасы төмендегенін атап өтуде.