Ресейлік қақпашы Иван Коновалов "Тобылмен" келісімшартқа отырды.
Бұған дейін, қостанайлық ұжым бірінші нөмір ретінде Черногория ұлттық құрамасының қақпашысын қатарына қосуда әрекет еткен болатын. Алайда, тараптар соңғы сәтте келісе алмады.
28-жастағы Иван "Рубин" жейдесінде өнер көрсету арқылы танылған болатын. Онда ол барлығы 20 матч өткізді. Одан кейін, "Урал" футболшыны жалға алып, жарытпады. Коновалов бір ойыннан кейін шотландиялық "Ливингстон" ұжымына ауысып кетті.
Еске салайық, Мокин бір-екі күн бұрын "Тобылмен" қоштасқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET