Молдовамен сырт алаңда өтетін матчқа аттанған ойыншылардың тізімі жарияланды

22.03.2022, 23:29
Молдоваға қарсы ойын 24 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де өтеді.
Молдовамен сырт алаңда өтетін матчқа аттанған ойыншылардың тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен болатын бірінші ойынға қатысу үшін бүгін түнде Нұр-Сұлтаннан чартерлік рейспен Кишиневке аттанады.

Жолға шамамен алты сағат кетеді деп күтілуде. Команда Молдова астанасына кешкі уақытта – Кишинев уақытымен 23:00-де жетеді.

23 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Карповичтің, сондай-ақ ұлттық құрама ойыншыларының бірінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Ал сағат 17:00-де «Зимбру» стадионында Қазақстан құрамасының матч алдындағы жаттығуы жоспарланған.

Молдоваға қарсы ойын 24 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де өтеді.

Молдовамен сырт алаңда өтетін матчқа аттанған ойыншылардың тізімі:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Ақтөбе»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»);

Қорғаушылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Нұрлан Дайыров («Тараз»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Александр Марочкин, Сергей Малый, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Арман Кеңесов (екеуі де – «Ақтөбе»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»);

Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («ЦСКА», Ресей), Асхат Тағыберген, Владислав Васильев (екеуі де - «Тобыл»), Айбол Әбікен («Ақсу»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Абылайхан Назымханов («Шахтер»);

Шабуылшылар: Алексей Щеткин («Ротор», Ресей), Абат Айымбетов («Астана»), Роман Мұртазаев («Шахтер»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×