Моңғолия чемпионатының матчында тарихи оқиға орын алды

15.09.2020, 18:17
24 жыл ойнамаған ардагер футболшы кеше рекорд жаңартты.
Моңғолия чемпионатының матчында тарихи оқиға орын алды

Моңғолия чемпионатының 15-ші турының "Сумида Гепро" мен "Улан-Батор" арасындағы матчында 54 жастағы Хандсурен Оюунбилэг алаң иелері сапында ойнады.

Ардагер ойыншы 86-минутта қосалқы құрамнан шықты. Қалған уақытта Оюунбилэг ешқандай тиімді іс-әрекет көрсете алмады. Бір қызығы, ол 1996 жылдан бері футбол ойнамаған, бірақ ол 24 жылдан кейін футболға оралу туралы шешім қабылдады. Оюунбилэг қанша тырысқанымен, «Сумида Гепро» 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Хандурсен ақпан айында 53 жасқа толған жапониялық "Йокогама" клубының шабуылшысы Кадзуйоси Миураның рекордын жаңартты.

"Сумида Гепро" Моңғолия чемпионатындағы 15 матчтың барлығында жеңіліс тапты. Оның үстіне, доп айырмашылығы 7-82 құраған. Клуб Моңғолия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы орында келе жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×