«Ақтөбе» шабуылшысы Жан-Эд Морис «Жетісумен» өткен 24-ші тур матчының бірінші таймында жарақат алған еді.
Ойыншы матчтан соң тексерістен өтіп, оған «сол жақ санның сіңірінің толықтай жыртылуы» деген диагноз қойылды. Жан-Эдке жақын арада ота жасалады. Футболшының алаңға қайта оралу мерзімі белгісіз.
«Ақтөбе» футбол клубы Жан-Эдке отаның сәтті жасалуын, тез арада қалыпқа келіп, командаға қайта оралуын тілейді!